Директорлар кеңесі

2017 жылдың 19 сәуiрiнде Бiлiм бөлiмiнiң мәжiлiс залында басшы м.а. Г. Игiбаеваның төрағалық етуiмен мектеп директорларының қатысумен кеңес өткiзiлдi. Кеңес барысында бiлiм беру мекемелерi түлектердiң қорытынды аттесттауын өткiзуге даярлық туралы, сонымен қатар ҰБТ жаңа форматын (КТА) енгiзу туралы мәселелер талқыланды. Басшы м.а. Игiбаева Гүлнар Сапарғалиқызы 2016-2017 оқу жылының 3 тоқсанына Солтүстiк Қазақстан облысы бiлiм беру саласын бақылау департаментiнiң бақылау шараларының қорытындысы жайлы ақпарат бердi.