XVIII Абай және VIII Махамбет оқуларының өткізілуі туралы ақпарат

Бiлiм бөлiмi XVIII Абай және VIII Махамбет оқулараның аудандық кезеңiн 2017 жылдың сәуiрдiң 19–ы күнi Тайынша қаласы №5 орта мектебiнде өткiздi. Байқауға 65 оқушы қатысты.

Әр номинацияның ережесi бойынша Оқыту тiлiне қарамастан, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн 5–11-сынып оқушылары қатыса алады.

1. Бiрiншi номинация «Өлең сөздiң патшасы, сөз сарасы» Абай оқуларынан Аңсаған Толқын Амандық ОМ 8 сынып оқушысы және Махамбет оқуынан Ұлан Ерхан Мәдениет НМ 6 сынып оқушысы 1 орынды иелендi,

2. Екiншi номинация « Көңiлiм әндi ұғады» Абай мен Махамбет әндерi мен күйлерiн орындау. 1 орын Секел Жанарбек Тендiк ОМ 9 сынып оқушысы

3. Үшiншi номинация «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас дарындар. 1 орын Ташмаканова Анель Тайынша қ. №5 ОМ 9 сынып оқушысы.

Аталған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.